Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 69 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
69-бап. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

1. Барлауға арналған келісімшарт алты жылға дейінгі мерзімге жасалады. 

Егер жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін алты айдан кешіктірмей, құзыретті органға келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен мұндай ұзартудың себебін негіздей отырып жүгінсе, құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде барлауға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін екі жылға дейін ұзартуы мүмкін. 

Егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары туралы куәлік ұсынса, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін құзыретті орган осындай мән-жайлардың әрекет ету мерзіміне ұзартады. 

Кен орнын табу жағдайында жер қойнауын пайдаланушының барлауға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін оны бағалау үшін қажетті кезеңге ұзартуға құқығы бар. 

Табуды бағалау үшін келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. 

2. Өндiруге арналған келiсiмшарт – жиырма бес жылдан аспайтын, ал пайдалы қазбалардың ірі және бірегей қорлары бар кен орындары бойынша қырық бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзімі қорларды толық игеруге қажетті мерзімнен аспауға тиіс. 

Егер жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың аяқталуына дейiн алты айдан кешiктiрмей құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшпен мұндай ұзартудың себептерiн негiздей отырып жүгiнсе, жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттық мiндеттемелер бойынша жойылмаған бұзушылықтары болмаған жағдайда құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзартады. Келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш құзыреттi органға келiп түскен күнiнен бастап екi айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. 

Өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі, егер пайдалы қазбаны пайдалану қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары қайта жасалған және өңделген) өнім өндіруді көздейтін индустриялық-инновациялық жобаны Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыруға байланысты болса, ұзартылуға жатады. 

3. Келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту кезінде келісімшартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі. 

Егер тараптар өзге мерзімді келіспесе, ұзарту мерзімі тиісті толықтыру тіркелген күннен бастап есептеледі. 

4. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттың қолданылу мерзімі өзгерген кезде оған жер қойнауын пайдаланушының тауарлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерін алып тастау көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 

Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...67 68 69 70 70‑1 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться