Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 95 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
95-бап. Теңізде барлау жүргізу мен өндіру шарттары

1. Теңізде барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауға келісімшарттық аумаққа барлық қажетті геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргізілген жағдайда ғана кірісуге құқылы. 

2. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан алынған кезде, мұндай ұңғыманы бақылауға алу үшін өзге әдістерді қолдану мүмкін емес не қалыптасқан жағдайларда тиімсіз болып табылғанда, тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, іздеу, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы құзыретті органның жазбаша рұқсатынсыз бұрғылауға тыйым салынады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға мұндай тығындау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау ұңғымасын бұрғылау туралы шешім қабылдауға әсер еткен нақты жағдайлар мен себептерді көрсете отырып, қисынды мерзімде жазбаша хабарлауға міндетті. 

3. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыда не өзі тартатын мердігерде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті лицензия болған кезде, жер қойнауын пайдаланушының осы ұңғыманы бұрғылау кезінде пайда болатын тәуекелдерді міндетті сақтандыру жөніндегі міндеттемелерін сақтау фактісі болғанда, мұндай ұңғыманы бұрғылаудың жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және теңіз құрылысын салуға не орналастыруға мемлекеттік органның рұқсаты болған кезде ұңғыманы бұрғылауға рұқсат береді. Мұндай өтініште көрсетілген фактілерді растайтын тиісті құжаттар өтінішке қоса берілуге не тіркелуге тиіс. 

4. Қат ішіндегі қысымды ұстап тұру үшін ілеспе және табиғи газды айдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады. 

5. Теңізде барлау мен өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының теңіз құрылысында не отыз минутта қолжетімді жер шектерде теңізді тазалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті мөлшердегі тиісті жабдықтары, материалдары мен заттары болуға міндетті. Материалдарға, заттарға, олардың санына және қолжетімділікке нормативтер мен қойылатын талаптарды мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

6. Барлау мен өндіруді жүргізу кезінде теңіздегі авариялық және өзге де қауіпті жағдайларды болғызбаудың осы Заңға сәйкес бекітілетін бағдарламалары теңіздің ластануы салдарынан болған ластану ошағын дереу оқшаулау және оны тазарту жөніндегі шараларды қамтуға тиіс. 

Ескерту. 95-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...93 94 95 95‑1 96 ...130

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться