Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Коммерциялық емес ұйымдар туралы
14-бап. Тұтыну кооперативi



Ст. 14 Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142



1. Мүшелiк негiзде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.

 Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар да кiре алады.  

2. Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, ауылдық жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін.  

3. Тұтыну кооперативтерiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша жарнасының енгiзiлмеген бөлiгi шегiнде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.  

4. Тұтыну кооперативi алған кiрiстердi оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.  

5. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн үш ай iшiнде қосымша жарналар арқылы жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.  

6. Тұтыну кооперативтерiн, соның iшiнде селолық кооперативтердi құқықтық реттеу ерекшелiктерi арнаулы заң актiсiмен реттеледi.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142