Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Коммерциялық емес ұйымдар туралы
26-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату



Ст. 26 Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142



1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және басқа да заң актiлерiнде көзделген негiзде және тәртiппен ерiктi түрде (оның мүлкiн иеленушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның шешiмi бойынша, сондай-ақ бұған құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының шешiмi бойынша) және мәжбүрлеп (сот шешiмi бойынша) таратылуы мүмкiн.   

2. Коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) немесе орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырған әдiлет органына дереу жазбаша хабарлауға мiндеттi.

Коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған құрылтайшылар немесе орган тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға сәйкес коммерциялық емес ұйымды таратудың тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi.  

3. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған коммерциялық емес ұйымның мүлкiн және iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк көшедi. Тарату комиссиясы таратылатын коммерциялық емес ұйымның атынан сотта әрекет етедi.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142