Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Коммерциялық емес ұйымдар туралы

Коммерциялық емес ұйымдар туралы
27-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату тәртiбi



Ст. 27 Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142



1. Тарату комиссиясы орталық әдiлет органының ресми басылымдарында заңды тұлғаның таратылуы туралы, сондай-ақ оның кредит берушiлерiнiң талаптарын мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпарат жариялайды. Талаптарды мәлiмдеудiң мерзiмi коммерциялық емес ұйымды тарату туралы жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауға тиiс.

Тарату комиссиясы кредит берушiлердi айқындауға және берешектерiн алуға, филиалдар мен өкiлдiктердi есептен шығаруға шара қолданады, сондай-ақ кредит берушiлердi коммерциялық емес ұйымның таратылғандығы туралы жазбаша хабардар етедi.  

2. Кредит берушiлердiң талаптар қоюына арналған мерзiм аяқталған соң тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлiк құрамы туралы мәлiметтер, кредит берушiлер мәлiмдеген талаптардың тiзбесi, сондай-ақ олардың қаралу нәтижелерi туралы мәлiметтер болады.

Аралық тарату балансын коммерциялық емес ұйымның мүлкiн иеленушi немесе коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.  

3. Егер таратылған коммерциялық емес ұйымның (мемлекеттiк мекемелерден басқа) ақшасы кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiппен, коммерциялық емес ұйымның мүлкiн ашық сауда арқылы сатуды жүзеге асырады.  

4. Таратылатын коммерциялық емес ұйымның кредит берушiлерiне ақша төлеудi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 51-бабында белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен, аралық тарату балансына сәйкес, ол бекiтiлген күннен бастап тарату комиссиясы жүргiзедi.  

5. Кредит берушiлермен есеп айырысу аяқталған соң тарату комиссиясы тарату балансын жасайды, оны коммерциялық емес ұйымның мүлкiн меншiктенушi немесе коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.  

6. Таратылатын мекеменiң ақшасы кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, соңғысы талаптардың қалған бөлiгiн осы мекеменiң мүлкiн меншiктенушiнiң есебiнен қанағаттандыру туралы шағыммен сотқа жүгiнуге құқылы.

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.03.18. N 537 Заңымен.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142