Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Коммерциялық емес ұйымдар туралы

Коммерциялық емес ұйымдар туралы
33-бап. Коммерциялық емес ұйымның кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы



Ст. 33 Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142



1. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей ғана кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады.  

2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн.  

3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлiк қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебiн жүргiзедi.  

4. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.   

5. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын кiрiстердi коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерi (қатысушылары) арасында бөлiсуге болмайды, ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.

Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 33-бап Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142