Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Коммерциялық емес ұйымдар туралы
34-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкi



Ст. 34 Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142



1. Коммерциялық емес ұйымның меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оның жарғысында көзделген қызметiн материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажеттi, заң актiлерiне сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың меншiгiнде болуға болмайтын мүлiктiң жекелеген түрлерiн қоспағанда, объектiлер, мүлiк, сондай-ақ өзiнiң қаражаты есебiнен құрылған ұйымдар болуы мүмкiн.

Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебiнен иемденiп алған немесе өздерi құрған, азаматтар, ұйымдар қайырмалдық ретiнде берген, немесе мемлекет берген және заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша иемденiп алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.

Мекеменің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.  

2. Коммерциялық емес ұйым (мекемелердi қоспағанда) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 34-бап Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142