Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Коммерциялық емес ұйымдар туралы

Коммерциялық емес ұйымдар туралы
39-бап. Коммерциялық емес ұйымның басқару органдары



Ст. 39 Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142



1. Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, құрылтай құжаттарына сәйкес олардың басқару органдары мыналар болып табылады:

1) жоғары басқару органы (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) - коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы;

2) басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару) - коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен жоғары басқару органының ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның қызметiн ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi;

3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi);

4) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар.

2. Коммерциялық емес ұйымның жоғары басқару органының ерекше құзыретiне:

1) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;

2) коммерциялық емес ұйымды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;

3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құзыретiн, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртiбiн айқындау;

4) атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртiбiн және олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындау;

5) заң актiлерiнде белгiленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерi жатады.

Жоғары басқару органының ерекше құзыретiне заң актiлерiне сәйкес коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен осы ұйым қызметiнiң басқа да мәселелерi жатқызылуы мүмкiн.

3. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жоғары басқару органының мүшелерiне, жоғары басқару органының жұмысына қатысуына тiкелей байланысты шығыстардың өтемiн қоспағанда, өздерiне жүктелген мiндеттердi олардың орындағаны үшiн сыйақы төлеудi жүзеге асыруға құқылы емес.

4. Коммерциялық емес ұйымның еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін штаттағы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.

 5. Осы баптың 1 – 3-тармақтарының ережелері дербес білім беру ұйымдарына және дербес кластерлік қорға қолданылмайды.

 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқару органдарының құқықтық жағдайының ерекшеліктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 200.05.15 N 253, 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
6-тарау. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР

Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142