Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Коммерциялық емес ұйымдар туралы
41-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн бақылау



Ст. 41 Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142



1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бухгалтерлік есепті жүргізеді және алғашқы статистикалық деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.

2. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік кіріс органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметi туралы ақпарат бередi.

Шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдiк ұйымдар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтеусiз негiзде беретін қаражат есебiнен қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына осы қаражатты пайдалануы туралы есептi ұсынады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) баспасөз басылымдарында жыл сайын өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары, мүліктің құрамы туралы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы ақпарат жариялайды.

4. Коммерциялық емес ұйым кiрiстердің мөлшерi мен құрылымы, сондай-ақ коммерциялық емес ұйым мүлкiнiң мөлшерi мен құрамы туралы, оның шығыстары, қызметкерлерiнiң саны мен құрамы туралы, олардың еңбегіне ақы төлеу, коммерциялық емес ұйымның қызметiнде азаматтардың өтеусiз еңбегiн пайдалану туралы мәлiметтер коммерциялық құпияның нысаны бола алмайды.

Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда жазылды - ҚР 2005.07.8 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV; 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...39 40 41 42 43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 41-бап Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142