Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Құқықтық актілер туралы

Құқықтық актілер туралы
13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану тәртібі



Ст. 13 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ



1. Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған кезде заң ұқсастығы немесе құқық ұқсастығы қолданылуы мүмкін.

2. Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, заң ұқсастығы қолданылады.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаған кезде құқық ұқсастығы пайдаланылады.

4. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану процесінде жеке немесе заңды тұлғалардың жаңа міндеттерін белгілеуге немесе құқықтарын шектеуге жол берілмейді.

Заңнаманың нақты салаларымен реттелетін қатынастарда заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану мүмкіндігі тиісті заңнамалық актілермен айқындалады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...67 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ