Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Құқықтық актілер туралы
18-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу тәртібі

1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіп қолданылады. 

2. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының жобаларын және басқа да уәкілетті органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін. 

3. Бір деңгейдегі уәкілетті органдардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын бірнеше уәкілетті орган әзірлеуі, ал қажет болғанда – қабылдауы мүмкін. 

Бірнеше уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртіппен бірлесіп әзірлейді және уәкілетті органдардың басшылары қол қоятын бірлескен нормативтік құқықтық актілер түрінде қабылданады.  

Бірлескен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері туынды заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органдардың негізгі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері арқылы бекітіліп, онда туынды актіні қабылдауға арқау болған негізгі нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі. 

4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес, өз бастамасы немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмасы бойынша әзірлейді.  

Егер Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшін бір деңгейдегі немесе төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болса, онда негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде көрсетілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар нормативтік құқықтық актілердің жобалары дайындалуға немесе тиісті органдарға осындай актілерді дайындау туралы тапсырмалар берілуге тиіс. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелерімен (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады. 

5. Осы Заңның 17-1-бабы 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген заң жобалары бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларын әзірлеу, келісу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады. 

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің дайындалған жобасы, ал қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында қабылданатын заңға тәуелді басқа нормативтік құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі. 

6. Осы Заңның 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әділет органдарының келісуі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, құқық нормаларының бар-жоғы және мемлекеттік тіркеу қажеттілігі тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2021 № 96-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17 17‑1 18 19 20 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться