Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Құқықтық актілер туралы
38-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілерін ресми жариялау



Ст. 38 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ




1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жүзеге асырылады.

 Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау осы Заңның 37-бабында айқындалатын тәртіппен, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында да жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Әділет органдары тіркеген нормативтік құқықтық актілерді осындай тіркеуге ұсынған органдар оларды Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде олардың көшірмелерін электрондық құжат және елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз жеткізгіш нысанында ресми жариялауға жібереді.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақ 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 06.04.2016 N 480-V Заңымен.

3. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста, қол қойылған төлнұсқаларға толық сәйкес келетін графикалық форматта да жүзеге асырылады.


Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...67 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 38-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ