Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Құқықтық актілер туралы

Құқықтық актілер туралы
4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету



Ст. 4 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясы, оған сәйкес келетін заңнамалық актілер, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары құрайды.

2. Қазақстан Республикасы заңнамасы жүйесінің тұтастығы:

1) нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін сақтау;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда бекітілген нормативтік құқықтық актілер сатысын сақтау;

3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...67 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ