Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Құқықтық актілер туралы
40-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін толық жарияламауға жол бермеу



Ст. 40 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін ресми түрде толық жарияламауға жол берілмейдi.

2. Егер нормативтiк құқықтық акт көлемiнің ауқымды болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актінің қазақ және орыс тiлдерiндегі мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күні болып есептеледi.

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...67 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 40-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ