Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Құқықтық актілер туралы

Құқықтық актілер туралы
43-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi



Ст. 43 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ



1. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.

2. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар осы баптың 1-тармағының қағидаларына кiрмейдi.

3. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші болмайды.

4. Жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңнамалық актілердің кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін сол үшін жауаптылық заңмен жойылса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...67 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 43-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ