Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Құқықтық актілер туралы

Құқықтық актілер туралы
44-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ, мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн олардың күшiне енуінің шарты ретiнде мемлекеттiк тiркеу



Ст. 44 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ




1. Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жатады. Мұндай тiркеу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.

 Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу әділет органдарының актіде құқық нормасының болуы және оны мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдау тұрғысынан заң сараптамасын жүргізуін, нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін айқындауды және мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, оны Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуді қамтиды.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптары:

1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінiң және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларына;

2) уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілерге;

3) мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге;

4) мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерге (кандидаттарға) қойылатын біліктілік талаптарын белгілейтін және үлгілік біліктілік талаптары негізінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерге;

5) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды.

3. Егер мұндай акт:

1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе;

2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзса;

3) жоғары тұрған деңгейдегі нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;

4) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған орган құзыретiнің шегiнен шықса;

5) мүдделі органдармен келiсiлмесе;

6) осы Заңның 19-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларынсыз қабылданса;

7) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса және осы Заңның 20-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарынсыз қабылданса;

8) мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, ресімдеу және келісу қағидалары бұзылып қабылданса, Қазақстан Республикасының әділет органдары нормативтiк құқықтық актiні мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасай алады.

4. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмеген мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердің күшін оларды шығарған орган жоюға тиіс.

5. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітедi.


Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...67 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 44-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ