Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Құқықтық актілер туралы
46-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату



Ст. 46 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ



1. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.

2. Нормативтiк құқықтық акт (оның бір бөлiгi немесе бөлiктерi) мынадай жағдайларда:

1) акт (оның бір бөлiгi немесе бөлiктерi) қабылданған мерзiм өткенде;

2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң (бір бөлiгiнiң) ережелерiне қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi немесе оның бір бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт қабылданғанда;

3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда;

4) осы актiнi қабылдаған орган немесе қабылдауға уәкiлеттік берiлген өзге де орган актiнiң немесе оның бір бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

3. Басқа нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актіні жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...67 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 46-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ