Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Құқықтық актілер туралы

Құқықтық актілер туралы
48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар тобы бойынша қолданылуы



Ст. 48 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің күші заңнамалық актiлерде және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, шет мемлекеттердің заңды тұлғаларына, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады.

2. Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкiлдерi мен мемлекеттiк органдарының кейбiр басқа да қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).

Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...67 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 48-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ