Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Құқықтық актілер туралы
53-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк есепке алу



Ст. 53 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ




1. Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.

2. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзуді Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

3. Уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкіне енгiзу үшін оларды жүргізуге жауапты мемлекеттік кәсіпорынға нормативтiк құқықтық актiлердiң көшiрмелерiн қағаз түрінде және осы Заңның 35-бабына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде жiбередi.

Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін әділет органдары арқылы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жібереді.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртібін айқындайды.

5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн құрады, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi.


Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...67 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 53-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ