Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Құқықтық актілер туралы

Құқықтық актілер туралы
61-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерінің құрылымы



Ст. 61 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ



1. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісі кіріспе, сипаттау және қарар бөліктерінен тұрады.

2. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің кіріспе бөлігінде:

1) нормативтік құқықтық актінің нормасына түсіндірме беруші уәкілетті органның атауы;

2) түсіндірме берілетін норма қамтылған нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, түсіндірме берілетін норманы қамтитын нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні мен нөмірін көрсете отырып, ресми түсіндірме беру актісінің атауы;

3) нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің қабылданған жері мен күні;

4) нормативтік құқықтық актінің нормасына соның бастамасы бойынша түсіндірме беріліп отырған органның не жеке немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

3. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің сипаттау бөлігі түсіндірме берілетін норманың сипаттамасы мен мазмұнын талдауды қамтуға тиіс.

4. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің қарар бөлігі нормативтік құқықтық акт нормасының мәні мен мазмұнын түсінікті ететін уәкілетті органның қорытындысын қамтуға тиіс.

Статья 1 ...59 60 61 62 63 ...67 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 61-бап Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ