Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
10-бап. Республика Парламентiнiң үйлестірушi органдары



Ст. 10 Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529



1. Парламенттiң үйлестiрушi органдары Палаталар төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжiлiстiң Бюросы болып табылады.

2. Палаталар Бюроларының құрамына Палаталар төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң төрағалары кiредi. Мәжіліс Бюросының құрамына Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де енеді.

3. Палаталардың Бюролары:

1) Палаталардың комитеттерi мен комиссияларының жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;

2) Палаталар үшiн заңдардың жобаларын және Парламент пен оның Палаталарының өзге де шешiмдерiн қараудың кезектiлiгi жөнiнде ұсыныстар дайындайды;

3) бiрнеше комитеттердiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша комитеттердiң бiрлескен жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетедi;

4) Осы Конституциялық заңмен Парламенттiң басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретiне жатқызылмаған Палаталар жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелерiн шешедi.

4. Палаталар Бюроларының отырыстарын Палаталардың төрағалары қажетiне қарай шақырады және олар өз мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болады.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Конституциялық 1999.05.06. N 377, 2007.06.19. N 266 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 11-1 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529