Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы

Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
11-бап. Республика Парламентiнiң жұмыс органдары



Ст. 11 Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529



1. Парламенттiң жұмыс органдары Сенат пен Мәжiлiстің тұрақты комитеттерi, сондай-ақ Палаталардың бiрлескен комиссиялары болып табылады.

2. Палаталардың тұрақты комитеттерi заң жобалары жұмысын жүргiзу, Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшiн құрылады. Тұрақты комитеттер құрылған кезде Палаталар олардың тiзбесi мен сандық құрамын белгiлейдi, содан кейiн тұрақты комитеттердiң мүшелерiн сайлайды. Сенат пен Мәжiлiс құратын тұрақты комитеттердiң саны әр Палатада жетiден аспауға тиiс.

3. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы, олардың сандық құрамы Палаталар арасында келiсу бойынша белгiленедi. Комиссиялардың мүшелерiн сайлауды әр Палата өздiгiнен жүзеге асырады.

4. Парламент пен оның Палаталарының Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында, 57-бабының 5) және 6)-тармақшаларында көзделген өкiлеттiктерiн жүзеге асыру мақсатында Парламент Палаталары арнаулы уақытша комиссиялар құрады.

5. Тұрақты комитеттер мен комиссиялардың отырыстары олардың мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болады.

6. Тұрақты комитеттер мен комиссиялар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар шығарады.

7. Тұрақты комитеттер мен комиссиялардың өкiлеттiктерi мен қызметiнiң тәртiбi заңмен белгiленедi.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 200 Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...9 10 11 11-1 12 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529