Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы

Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
13-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң актiлерi



Ст. 13 Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529



1. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, соның iшiнде Конституциялық заңдар, Парламенттiң қаулылары түрiндегi заң актiлерiн қабылдайды. Сенат пен Мәжiлiс өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулыларды қабылдайды.

2. Парламент пен оның Палаталары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлiмдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актiлер қабылдауға хақылы. Оларды қабылдау Парламент пен оның Палаталарының регламенттерi белгiлеген шарттар мен талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

3. Парламент Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен отырысында заңдар мен өзге актiлердi қабылдаған ретте дауыс беру Палаталар бойынша бөлек өткiзiледi.

4. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Республика Конституциясына қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс.

5. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 377, 2006.12.11. N 200 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

Статья 1 ...11-1 12 13 14 15 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529