Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы

Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
4-бап. Республика Парламентiнiң құрамы мен құрылымы



Ст. 4 Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529



1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан:

Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады.

3. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

4. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.

Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

5. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

6. Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Конституциялық 1999.05.06. N 377, 2007.06.19. N 266 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  
II тарау
Республика Парламентiнiң құзыретi және оны
жүзеге асырудың ұйымдық нысандары

Статья 1 2 3 4 5 6 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529