Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Жайылымдар туралы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жайылымдар туралы
15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі

ЗҚАИ ескертпесі!

1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі. 

2. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде ғана, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға рұқсат етіледі. 

ЗҚАИ ескертпесі!

2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары асып кеткен кезде Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдар аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде беріледі. 

ЗҚАИ ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға ауыстырылады. 

ЗҚАИ ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін елді мекендер шегінде жайылымдар беру Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, ал аудан, облыстық маңызы бар қала шегінде – ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімдерімен жүзеге асырылады. 

5. Бір аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің пайдалануына беруді аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұсынысы бойынша ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 

6. Бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды басқа ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың пайдалануына беруді ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 

7. Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы жайылымдарды басқа облыстың пайдалануына беруді облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 18

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться