Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Жайылымдар туралы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жайылымдар туралы
16-бап. Шалғайдағы жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі

1. Бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беруді уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. 

2. Бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың ұзақ мерзімді пайдалануына беруді ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 

ЗҚАИ ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда айқындалатын қашықтықтағы шалғайдағы жайылым учаскелеріне тікелей жақын орналасқан елді мекен аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалардың немесе елді мекен аумағында тіркелген заңды тұлғалардың және ауыл шаруашылығы жануарлары осы Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес ауыстырылатын, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарды беруде артықшылықты құқығы бар. 

4. Шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын жайылым пайдаланушылардың табиғи су айдындарына және бюджет қаражаты есебінен салынған суландыру құрылыстарына тең қол жеткізу құқығы бар. 

ЗҚАИ ескертпесі!

16-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...14 15 16 17 18

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться