Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бал ара шаруашылығы туралы

Бал ара шаруашылығы туралы
5-бап. Омартаны құру және жерді пайдалану



Ст. 5 Бал ара шаруашылығы туралы 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303



1. Бал ара шаруашылығымен айналысу үшін жеке немесе заңды тұлға бал ара ұяларын омарта құрады, оның қосалқы үй-жайы мен құралдары болады және өзінің пайдалануындағы жер учаскесінде орналастырылады. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке немесе заңды тұлға жер туралы заңдарға сәйкес жер учаскесінің меншік иелерімен және жерді пайдаланушылармен келісе отырып, басқа жер учаскесін пайдалана алады. 

2. Жеке және заңды тұлғалар күтіп ұстай алатын бал ара ұяларының санына шек қойылмайды. 

3. Омарталарда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен бал араларының Қазақстан Республикасында тұқымдық аудандастыру жоспарына сәйкес белгілі бір жерде аудандастырылған тұқымдардың бал аралары ғана ұсталуға тиіс.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Бал ара шаруашылығы туралы 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303