Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
18-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері



Ст. 18 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V



1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Орталықта тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттардың Орталықта тіркелген күні Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.

3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган бас тартудың себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарын қайтаруға міндетті.

4. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

 Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.03.2015 № 293-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...74 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V