Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
29-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтер ұсыну



Ст. 29 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V




1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.

Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.

2. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда осы Заңның 24-бабының 2 - 4-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде мәліметтер көрсетілмейді.

3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.

4. Агент есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлерге ұсынуға мiндеттi.

 Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 10.01.2014 N 156-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
4-тарау. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ТӨЛЕНЕТІН ЗЕЙНЕТАҚЫ
ТӨЛЕМДЕРІ
 РҚАО-ның ескертпесі!

30-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...74 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 29-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V