Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
35-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы



Ст. 35 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V



1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа және осы Заңға сәйкес өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін басқаруға қажетті іс-қимылдарды жасауды басқа тұлғаға тапсыра алады. Бұл ретте сенімгерлік басқарушы өзi таңдап алған сенiм білдірілушінің іс-әрекеті үшiн оны өзі жасағандай жауап бередi.

 РҚАО-ның ескертпесі!

35-бапты 2-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы бекітеді. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

36-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 35-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V