Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
36-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес



Ст. 36 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V



1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің функциялары:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және тұжырымдау;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және осы тізбені мақұлдау;

3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің отырыстары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде белгіленген мерзімдерде өткізіледі.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің шешімі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.

 Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...74 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V