Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
39-бап. Салымшылардың, өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары енгізілген, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың және агенттердің құқықтары мен міндеттері

Ст. 39 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алушылардың: 

1) өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға; 

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға; 

3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға; 

4) өздерінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға қалдыруға; 

5) өздерінің зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға; 

6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;  

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарға қатысуға: 

1) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын; 

2) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін; 

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы. 

3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін жеке тұлға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруге міндетті. 

Жеке тұлғада міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашуға қайта өтініш берілмейді. 

4. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.

5. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.

6. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.

7. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар: 

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осындай барлық өзгерістер туралы хабарлауға; 

2) осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға; 

3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті. 

8. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

9-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

9-тармақты жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан қызметкердің жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен алуға құқығы бар. 

РҚАО-ның ескертпесі!

10-тармақтың осы редакциясы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

10-тармақты жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті. 

Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...74

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V