Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
45-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру



Ст. 45 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V



1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосылу нысанында жүзеге асырылады. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

Мемлекеттің, Ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) уәкiлеттi органның қатысуымен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзу ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

Уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсаты ол берілген күннен бастап тоғыз ай бойы қолданыста болады.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар:

1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;

2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгілейтін құжат;

3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.

Уәкiлеттi орган ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатты құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.

2. Қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшыларын (алушыларын) алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

3. Қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға құқылы.

4. Қосылатын ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен міндеттемелері қайта ұйымдастырылған ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi органның  нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен берiлуге тиiс.

 Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 45-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V