Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
52-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі



Ст. 52 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V



Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін құрады, онда:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері және функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;

2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;

3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттер;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынуының ішкі рәсімдері;

5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлері қамтылуға тиіс.

Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 52-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V