Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
53-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақылары



Ст. 53 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V



1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы:

1) инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан;

2) зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.

2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шектi шамасы:

1) инвестициялық табыстың 15 пайызынан;

2) зейнетақы активтерiнiң айына 0,05 пайызынан аспайтын шекте белгiленедi.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысын алу тәртібі және оның шамасы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленеді.

3. Комиссиялық сыйақының шамасы жылына бiр реттен артық өзгертiлмеуге тиіс.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы жыл сайын бекітеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры комиссиялық сыйақының шамасын кемінде екi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау арқылы салымшыларға (алушыларға) күнтiзбелiк жыл басталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей хабарлауға тиiс.

Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 53-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V