Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
59-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері



Ст. 59 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V




1. Осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарында және 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл ретте сақтандыру ұйымынан төленетiн айлық сақтандыру төлемiнің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды.

2. Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.

Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы төлейдi. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты, егер айлық сақтандыру төлемiнің мөлшерi зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен төмен болмаған жағдайда, жасалады.

3. Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан өзінің зейнетақы жинақтарының 50 пайызынан аспайтын мөлшерін пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде ғана осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге зейнетақы жинақтарын алуға құқығы бар.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі салымшыға (алушыға) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа толғанда белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

4. Осы Заңның 32-бабының 1-тармағы 1) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқығы бар. Бұл ретте сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күні қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды.

5. Егер осы баптың 2 және 4-тармақтарында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) ол осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа толғанда, белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

6. Сақтандыру ұйымы деректемелері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілетін сақтанушының банк шотына сақтандыру төлемдерін аударады.

Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


Статья 1 ...57 58 59 60 61 ...74 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 59-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V