Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
61-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері



Ст. 61 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V




1. Сақтанушының:

1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) егер осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарында, 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен осы шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз болса, ерікті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ салымшының (алушының) ақшасын пайдалануға;

3) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;

4) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.

2. Сақтанушы:

1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы шарттың түпнұсқасын ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелік он күн iшiнде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын ұсына отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға мiндеттi.

3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының сомасын бiр рет және толық көлемде алады.

4. Сақтандыру ұйымы:

1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;

2) екі данасы сақтанушыға берiлетін зейнетақы аннуитетi шартын үш данада ресiмдеуге;

3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;

4) зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтанушыға мерзімін өткізіп алған әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;

5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.


Статья 1 ...59 60 61 62 63 ...74 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 61-бап Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V