Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дербес деректер және оларды қорғау туралы

Дербес деректер және оларды қорғау туралы
10-бап. Дербес деректерге қол жеткізу



Ст. 10 Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V



1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерге қол жеткізу субъектінің немесе оның заңды өкілінің меншік иесіне және (немесе) операторға оларды жинауға, өңдеуге берген келісімінің шарттарымен айқындалады.

Егер меншік иесі және (немесе) оператор және (немесе) үшінші тұлға осы Заңның талаптарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді өзіне алудан бас тартса немесе оларды қамтамасыз ете алмаса, дербес деректерге қол жеткізуге тыйым салынуға тиіс.

2. Субъектінің немесе оның заңды өкілінің өз дербес деректеріне қол жеткізуге қатысты өтініш жасауы (сұрау салуы) меншік иесіне және (немесе) операторға жазбаша немесе электрондық құжат нысанында не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау іс-әрекеттерінің элементін қолдану арқылы өзге де тәсілмен беріледі.

3. Меншік иесінің және (немесе) оператордың және (немесе) үшінші тұлғаның арасындағы дербес деректерге қол жеткізуге қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

 РҚАО-ның ескертпесі!

10-бапты 4-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V