Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 22 Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

Дербес деректер және оларды қорғау туралы
22-бап. Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері

1. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға: 

1) дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбауды; 

2) егер дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізу еңсерілмеген болса, дербес деректерге мұндай рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды; 

3) дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің қолайсыз салдарын барынша азайтуды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті. 

2. Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері дербес деректерді жинаған кезден бастап туындайды және олар жойылған не иесіздендірілген кезге дейін күшінде болады.
Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...31

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V