Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дербес деректер және оларды қорғау туралы

Дербес деректер және оларды қорғау туралы
25-бап. Меншік иесінің және (немесе) оператордың құқықтары мен міндеттері



Ст. 25 Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V



1. Меншік иесінің және (немесе) оператордың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен дербес деректерді жинауды, өңдеуді жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Меншік иесі және (немесе) оператор:

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекітуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді қорғау үшін қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолдануға және сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын сақтауға;

4) дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізген жағдайда, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда оларды жою жөнінде шаралар қолдануға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, субъектінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге оның келісімін алғаны туралы дәлелдемені ұсынуға;

6) субъектіге қатысы бар ақпаратты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге мерзімдер көзделмесе, субъектінің немесе оның заңды өкілінің өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға;

7) субъектіге немесе оның заңды өкіліне ақпарат беруден бас тартқан жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге мерзімдер көзделмесе, өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді жауап ұсынуға;

8) бір жұмыс күні ішінде:

дербес деректердің анықтығын растайтын тиісті құжаттардың негiзiнде оларды өзгертуге және (немесе) толықтыруға немесе дербес деректерді өзгерту және (немесе) толықтыру мүмкін болмаған кезде оларды жоюға;

дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда, субъектіге қатысы бар дербес деректерді бұғаттауға;

дербес деректердi Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жинау, өңдеу фактісі анықталған жағдайда, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда оларды жоюға;

дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарын бұзу фактісі расталмаған жағдайда, дербес деректерді бұғаттауды алып тастауға міндетті. 
5-тарау. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Дербес деректер және оларды қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V