Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ


Утратил силу

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы
1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің —Елбасының мәртебесі және өкілеттігі

Осы Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады.

Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және "Отан" ордені тапсырыла отырып, "Халық қаһарманы" (Народный герой) атағының иегері болады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:

1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдында, Республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2012 № 526-IV Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2017 № 119-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2022 № 105-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Статья 1 2 3 ...13

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться