Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы
11-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру



Ст. 11 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ



Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы жасына қарамастан Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының 80 проценті мөлшерінде ай сайын зейнетақы алуға құқылы. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының зейнетақысы Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының өсуі есепке алынып көтеріліп отырады.

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының өмірі мен денсаулығы республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің жылдық лауазымдық жалақысына тең сомада міндетті мемлекеттік сақтандырылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Елбасымен бірге тұрған әрбір отбасы мүшесіне ол қайтыс болған күнге дейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қарттығына байланысты зейнетақының 10 еселенген ең төменгі мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына тағайындалады.

Осы Конституциялық заңда көзделген кепілдіктермен қатар өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де кепілдіктер берілуі мүмкін.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ