Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы
3-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиіспеуі



Ст. 3 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды.

Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қорына тиесілі мүлікке де қолданылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ оның қорының мүлкіне қандай да бір шектеулер қойылмайды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік беріледі.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 232-V Конституциялық заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 2 3 4 5 ...13 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ