Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы
4-бап. Қызметті қамтамасыз ету



Ст. 4 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ



Өз өкілеттіктерін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету және оның мәртебесін жүзеге асыру үшін қызметтік үй-жай бөлінеді, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі құрылады, Кеңсе өз міндеттерін орындау үшін соның алдында ғана жауапты болады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Кеңсесінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы белгілейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы заңнама қолданылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесін орналастыру үшін ұйымдастыру техникасымен (оның ішінде жалпы желіге де, барлық қолда бар құқықтық базалар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге де қосылған жеке компьютерлермен, көшіру-көбейту техникасымен, факсимильді байланыс аппараттарымен), байланыс құралдарымен, оның ішінде үкіметтік байланыспен, қажетті офистік жиһазбен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай беріледі, сондай-ақ ол көліктік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...13 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ