Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ


Утратил силу

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы
9-бап. Қор, мұражайлар, бюстер, жеке мұрағат және жеке кітапхана

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындаған кезеңде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қорын, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын құрады және қалыптастырады. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұрағаты ұлттық игілік болып табылады және мемлекет меншігінде болады. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының туған жерінде және Қазақстан Республикасының астанасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мұражайлары құрылады және оның бюстері орнатылады. 

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10-бап. Медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету  

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындауды тоқтатқан күнге дейін оларға көрсетіліп келген көлемі мен түрлеріндегі тегін медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу құқығы өмір бойы сақталады. 

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 289-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен.
11-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру  

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы жасына қарамастан Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының 80 проценті мөлшерінде ай сайын зейнетақы алуға құқылы. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының зейнетақысы Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының өсуі есепке алынып көтеріліп отырады.  

Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының өмірі мен денсаулығы республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің жылдық лауазымдық жалақысына тең сомада міндетті мемлекеттік сақтандырылуға тиіс.  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Елбасымен бірге тұрған әрбір отбасы мүшесіне ол қайтыс болған күнге дейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қарттығына байланысты зейнетақының 10 еселенген ең төменгі мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына тағайындалады.  

Осы Конституциялық заңда көзделген кепілдіктермен қатар өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де кепілдіктер берілуі мүмкін.
Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...13

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться