Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақша төлемi мен аударымы туралы

Ақша төлемi мен аударымы туралы
14-бап. Инкассалық өкiм



Ст. 14 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Клиенттiң банк шотындағы ақшасын оның келiсiмiнсiз алып қою инкассалық өкiмдер пайдаланыла отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген кезектiлiктiң сақталуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Бастамашы ақша жөнелтушiнiң банкiне, мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкiмдерi табыс етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген нормалар негiзiнде осы өндiрiп алудың негiздiлiгiн растайтын атқарушы құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, инкассолық өкiмді табыс етедi. Құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшiрмелерiн қоса беру қажеттiгi туралы талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Мемлекеттік кіріс органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерi пайдасына берешек өндiрiлiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiмен қоса банктерге табыс етiледi.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Инкассолық өкiмде төлемнiң мақсаты көрсетiледi және ақша жөнелтушiнiң келiсуінсіз ақшаны алып қою құқығы көзделетiн заңнамалық актiге сiлтеме жасалады.

Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде мемлекеттік кіріс органдарының салық берешегін өндіріп алу туралы, жеке сот орындаушыларының және әділет органдарының атқару құжаттары бойынша инкассолық өкімін орындау мұндай шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.

4. Бастамашы ақша жөнелтушiнiң банкiне инкассалық өкiмдi ұсынған кезден бастап төлем жасауға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi туындайды. Ақша жөнелтушiнiң банкi осындай нұсқауды алғаннан кейiн оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелдi түрде жазбаша бас тартуға тиiс. Ақша жөнелтушiнiң банкi инкассалық өкiмдi акцептеген жағдайда инкассалық өкiмдi жөнелтушiнiң оны орындауды талап ету құқығы пайда болады.

5. Алынып тасталды.

6. Ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз ақшаны алып қоюдың негiздiлiгi үшiн өндiрiп алушы жауапты болады.

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 N 336, 2000.03.29 N 42, 2003.07.09 N 482, 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.22 N 147, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237