Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ақша төлемi мен аударымы туралы
16-бап. Нұсқау акцептi



Ст. 16 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237




1. Тапсырма нысанындағы нұсқау акцептi алушы банктiң жөнелтушiнiң (клиенттiң) тапсырмасын орындауға келiсiм бергенiн бiлдiредi.

Талап нысанындағы нұсқау акцептi ақша жөнелтушiнiң және (немесе) алушы банктiң бастамашының талабын орындауға келiсiм бергенiн бiлдiредi.

2. Нұсқау акцептi осы акцептiң жасалғанын немесе алушы банктiң нұсқауда белгiленген жөнелтушiге немесе оның тапсырмасы бойынша үшiншi жаққа ақша сомасын төлегенiн тiкелей көрсететiн төлем құжатына жазу немесе белгi қою арқылы көрсетiлуi мүмкiн.

Нұсқау акцептi қол қою немесе мөр таңбасы (егер бар болса) түрiнде де көрсетiлуi мүмкiн.

3. Егер нұсқау акцептi төлем құжатына жазу немесе белгi қою не қол қою және оның мөр таңбасын (егер бар болса) түсiру жолымен жасалған болса, аталған жазбаларда немесе белгiлерде олардың жасалған күнi және уақыты болуға тиiс.

4. Егер шарттың немесе Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерi бойынша акцепт iс-қимылмен не өзге әдiстермен көрсетiлуге тиiс болса, нұсқау тиiстi жазбасыз-ақ акцептелуi мүмкiн.

5. Осы Заңның 38-бабында және Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқау акцептi не оны акцептеуден бас тарту нұсқауды алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуға тиiс. 

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.09 N 482 Заңымен.


Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237