Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ақша төлемi мен аударымы туралы
18-бап. Алушы банктің нұсқауларды акцептеуден бас тарту негiздерi



Ст. 18 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237




1. Алушы банк нұсқауды акцептеуден:

1) жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасын қамтамасыз етпеген жағдайда;

2) егер төлем құжатының қолдан жасалғандығының белгiлерi болса;

3) жөнелтуші ақша аудару туралы нұсқауды жасаудың және ұсынудың тәртібіне қойылатын талаптарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарттың талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтамаған кезде;

4) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда бас тартады.

2. Инкассалық өкiмдердi осы Заңның 15-бабында көзделген құжаттардың бiрiн қоса тiркемей ұсынған жағдайда, алушы банк мұндай инкассалық өкiмдердi акцептеуден бас тартуға мiндеттi.

Ескерут. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237