Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақша төлемi мен аударымы туралы

Ақша төлемi мен аударымы туралы
24-бап. Төлемнiң аяқталуы



Ст. 24 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүргiзiлетiн болса, пайдасына төлем жасалатын адам не пайдасына төлем жасалатын адам уәкiлдiк берген және (немесе) көрсеткен адам ақшаны алған кезде төлем аяқталады.

2. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, ақша аудару арқылы жүргiзiлсе, онда ақша аудару аяқталған сәтте төлем аяқталады.

Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, төлем құжатын беру арқылы жүргiзiлсе, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға ақшаны алған сәтте төлем аяқталады.

Егер төлем электрондық ақша беру арқылы жүргізілсе, онда пайдасына төлем жасалатын тұлға электрондық ақшаны алған кезде төлем аяқталады. Қабылданған электрондық ақшаның сомасы туралы, оның басқа тұлға-бенефициардың пайдасына түскенін растайтын ақпараттың электрондық ақша жүйесінде көрсетілуі электрондық ақшаны алу кезі болып табылады.

3. Азаматтық-құқықтық мәмiленiң, еңбек шартының ережелерiнде төлем аяқталуының өзгеше сәтi көзделуi мүмкiн.

 Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 466-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237