Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ақша төлемi мен аударымы туралы
29-бап. Ақша аударымының негiзгi әдiстерi



Ст. 29 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Ақша аударымы клиринг нәтижелерi бойынша не жөнелтушiнiң әрбiр нұсқауын жеке орындау арқылы жүргiзiледi.

2. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударымы клирингке қатысушылардың қарсы талаптарын есепке алу процесi аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Бұл орайда клиринг нәтижелерi бойынша жасалған аударым клирингке қатысушының ақшасын оған қызмет көрсететiн банктен мiндеттi түрде алып қоюды бiлдiрмейдi. Терiс сальдо пайда болған клирингке қатысушы оны өтеу үшiн төлем жасайды.

3. Жөнелтушiнiң әрбiр нұсқауын жеке орындау арқылы жасалатын ақша аударымы жөнелтушiнiң басқа нұсқауларынан туындайтын оның құқықтары мен мiндеттемелерiне қарамастан жасалады.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237